Bol janimda (cover)

歌手: AUKA • 专辑:AUKA • 发布时间:2021-04-12
作词 : Toregali Toreali
 作曲 : Toregali Toreali
 Басыма сәл бақ қонғанда,
 Менің атым мақталғанда,
 Арайланған ақ таңдарда
 Көңіл таңдай ақ болғанда,
 Бол жанымда!
 Сен барсың тек менде,
 Келмейтін шектеуге.
 Жадырап көктемде,
 Нұрымды төккенде,
 Көңілім күз болып
 Күңіреніп кеткенде
 Бол жанымда!
 Өмірді сүргенде,
 Қуанып күлгенде,
 Жамылып мұң көрпе
 Жабырқап жүргенде,
 Көңілсіз күндерде,
 Ұйқысыз түндерде
 Бол жанымда.
 Беделім жер баспағанда,
 Шыңға шықсам, аспан алда.
 Өмір мені көтеріп кеп
 Құздан төмен тастағанда
 Бол жанымда
 Сен барсың тек менде,
 Келмейтін шектеуге.
 Жадырап көктемде,
 Нұрымды төккенде,
 Көңілім күз болып
 Күңіреніп кеткенде
 Бол жанымда!
 Өмірді сүргенде,
 Қуанып күлгенде,
 Жамылып мұң көрпе
 Жабырқап жүргенде,
 Көңілсіз күндерде,
 Ұйқысыз түндерде
 Бол жанымда.
 Бол жанымда!
📥 下载LRC歌词 📄 下载TXT歌词

支持卡拉OK同步显示,可用记事本编辑