Өмір Бумеранг

歌手: Мәлік Жамбылұлы • 专辑:Өмір Бумеранг • 发布时间:2021-02-23
作词 : Елнұр Нұрқасым
作曲 : Нұртуған Жаңабай
Бір жылы лебіз адамды айға апарады,
Бір қателігің мəңгілік ойда қалады.
Бумеранг сынды айналып қайта келетін,
Əрекеттердің сыры бар айналадағы.

Жеріміз айналатыны - жаратылыстан, Тегіміз жаратылған соң - сара туыстан. Қанымыз айналатыны - тірлік белгісі, Бағымыз айналып келер - дара тыныстан.

Қарамай кеткен бақытың қайта бұрылар,
Алдаған ақ арманның да айтар үні бар,
Жалғанда жақсылықтың да, жамандықтың да
Қайтарымы бар.

Сенделіп санамыздағы айланың бəрі.
Пенделік көңілің кейде пайда бұлдады.
Айналып қарап қояйық айналамызға,
Ақшаны армандай бермей айналымдағы.

Жайланып жақсылық тұрса жүрегіңдегі,
Айналып өзіңе келер тілегің кері.
Айналмай жатқан тірліктер қайырлы болсын,
Айналып қайта келмейтін бұл өмірдегі.
📥 下载LRC歌词 📄 下载TXT歌词

支持卡拉OK同步显示,可用记事本编辑