Ақ тілек

歌手: Роза Рымбаева • 专辑:Вечная весна • 发布时间:2009-01-01
作词 : С. Тургынбеков
作曲 : С. Байтереков
Көктем қандай шырайлы, шұғылалы
Мың құлпырып қызғалдақ құбылады
Бақытты жан екеуміз бар әлемде
Ешкім сырын білмейді мұның әлі

Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба

Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда
Бір сен едің аңсаған таңым алда
Көзім талды жаутаңдап жұлдыздардан
Көп қарадым көк мұнар, сағымдарға

Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба

Асыл жардың аяулы ақ тілегі
Аялаған арманның тәтті лебі
Жалғыз сенің айнымас махаббатың
Тебірентті, толқытты қатты мені

Таң қаламын келбетіңе, қараймын да
Ғарыштағы сәулелерден нәр алдың ба
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені
Оттай ыстық жүрегімнен ар алдың ба
📥 下载LRC歌词 📄 下载TXT歌词

支持卡拉OK同步显示,可用记事本编辑