Eligai

歌手: Ulbosin Kenjebai • 专辑:Eligai • 发布时间:2022-10-06
作词 : 哈萨克民歌
 作曲 : 哈萨克民歌
Біздің ауыл Барлықтың бөктерінде, елік-ай,
Ұзақ болды ауылдан кеткеніме, елік-ай,
Қоңыр тауда қой бағып әнге салдым, елік-ай,
Құлағыңа жел болып жетпеді ме, елік-ай…
Қош есен бол көргенше,
Дәм-тұз айдап келгенше,
Әннен айтып кетейін,
Ішке бүге бергенше…
Қырдың қызыл пісті деп бүлдіргені, елік-ай,
Сағындың ба жұртыңды бұл күндері, елік-ай?
Ауылың алыс, қарағым, кеткен кезде, елік-ай…
Жылатпаған бұл өмір, кім-кімдерді, елік-ай?..
Қош есен бол көргенше,
Дәм-тұз айдап келгенше,
Әннен айтып кетейін,
Ішке бүге бергенше…
Алтын моншақ мойныңа тағынғаның, елік-ай,
Білесің бе, бұл жүрек, сағынғанын, елік-ай?
Ауылың алыс, қарағым, кеткен кезде, елік-ай…
Әлі шырқап келемін, халық әнін, елік-ай...
Қош есен бол көргенше,
Дәм-тұз айдап келгенше,
Әннен айтып кетейін,
Ішке бүге бергенше…
📥 下载LRC歌词 📄 下载TXT歌词

支持卡拉OK同步显示,可用记事本编辑