Армандастар

歌手: Тарлан тобы • 专辑:Армандастар • 发布时间:2022-11-25
作词 : Нұрсұлтан Әлімқұлов
作曲 : Әсет Бейсеуов
Бір дәуірдің түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз де жазылмаған дастан едік
Армандастар – құрдастар

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда?
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар – құрдастар

Бәрің достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?
Әлде, биік асулардан өттіңдер ме?
Әлде, игі армандарға жеттіңдер ме?
Қайдасыңдар, құрдастар?
📥 下载LRC歌词 📄 下载TXT歌词

支持卡拉OK同步显示,可用记事本编辑