Saginish

歌手: Ulbosin Kenjebai • 专辑:Saginish • 发布时间:2023-11-06
作词 : Qazaqsha
 作曲 : Qazaqsha
Шақырса көктем жыл құстарымды
Толтырса гүлге тұрмыс, бағымды
Кеткенде көшіп бөктерге елім
Сағынып кетем туыстарымды
Бұйрығын бөртіп бусаңған кезде
Иісі мүңкіп жусаннан өзге
Сасырдың анау иісіне әтір
Көңілден толқып бұлт ауған кезде
Алыстап туыс сен кеткен кезде
Көзімнің жасын селдеткенменде
Еліктеп қалады мендегі көңіл
Қайқайып тауға ел көшкен кезде
Сағынсам кейде қырға да барам
Жаулығын бұлғап тұрғандай анам
Жұрттарды көне аралап қайтам
Мейірге мешкей бір қанбай қалам

Еске алып әсем өрмелеріңді
Сағынам алтын жеңгелерімді
Іні мен келін мейірлеріңді
Ағалар айтқан термелеріңді
Қонысың қалды ұрт майлаған
Жер ошақ жатыр құрт қайнаған
Құлазып көңіл қалды-ау әйтеу
Ақсаған малдай жұт жайлаған
Қонысың қалды ұрт майлаған
Жер ошақ жатыр құрт қайнаған
Құлазып көңіл қалды-ау әйтеу
Ақсаған малдай жұт жайлаған
Құлазып көңіл қалды-ау әйтеу
Ақсаған малдай жұт жайлаған
📥 下载LRC歌词 📄 下载TXT歌词

支持卡拉OK同步显示,可用记事本编辑