Өмір солай

歌手: Toregali Toreali Ұланғасыр Қами • 专辑:Өмір солай • 发布时间:2023-11-14
作词 : Мирас Асан
作曲 : Әлжан Нұрлыбек
Өмірдің мәні неде,
Сұ-радың ба тағдырдан?
Сезімнің мәні неде?
Жү-ректе от қалдырған?
Байлыққа құмартамыз,
Бос әуреге салдырған.
Жүрекке жүк артамыз,
Ең соңында жан құрбан!

Өмір солай,
Біреуге бақ берілген,
Өмір солай,
Жоқ еш нәрсе тегіннен,
Өмір солай,
Мақсатың тек жеңілмеу,
Өмір солай,
Жол іздеме жеңілдеу!

Бақыттың кілті неде,
Же-телейтін арманға?
Уақыттың кілті неге,
Жетпейді көп жандарға?
Биікке, махаббатқа,
Қол созамыз заңғарға,
Ізгілік, шапағатқа,
Мына бес күн жалғанда.

Иә, иә, өмір солай,
Бақ емес ақша, алтын сарай,
Өтеді бастан небір сынақ,
Қалады жаннан көңіл талай.
Өмір солай,
Өмір зулай,
Өтеді бастан заман талай,
Айтылар сөз көп саған қарсы,
Атылар оқ көп саған қарай.
Өмір солай.
📥 下载LRC歌词 📄 下载TXT歌词

支持卡拉OK同步显示,可用记事本编辑