Сүйінші

歌手: Гүлнұр Салбанова • 专辑:Сүйінші • 发布时间:2024-05-30
作词 : Қайырбек Садуақасов
作曲 : Жақсыгелді Сейілов
Бір сөз бар бұрын айтар амандықтан,
Тілеуі бой тұмардай адам ұққан.
Қашанда құпиядай естілсе де,
Жаралған үміттерге адалдықтан.

Сүйінші, сүйінші, сүйінші,
Думанға бөленсін үй іші.
Бүгін бір бас қосып тойлауға,
Бәріңде кешікпей жиылшы.

Үйіңе бір сүйінші ұл әкелер,
Бірімен келін түсіп, құда келер.
Жолаушың аман есен елге оралып,
Төгіліп той жасауға тура келер.

Жақындар жақсылыққа жиылсын деп,
Бақыт пен бағымызға сүйінсін деп.
Жаюлы ақ дастархан төрлетіңдер,
Әндетіп ақ ниетпен сүйіншілеп.
📥 下载LRC歌词 📄 下载TXT歌词

支持卡拉OK同步显示,可用记事本编辑